ханның көшбасшылық құпиясы» атты кітабы тұңғыш рет орыстілді және
қазақтілді оқырманның назарына ұсынылып отыр. Автор Шыңғыс ханның
ғаламдық ауқымдағы мақсатты көздеген ұлы қолбасы екенін қарапайым әрі
түсінікті тілмен жеткізеді. Шыңғыс ханның өмірбаянын терең білуі авторға
оның табысқа жетуінің негізгі кілтін жеңіл шешіп беруге жол ашады.
Шыңғыс ханның сондай тұлға болуына не нәрсе ықпал етті? Бүгінгі заманның
көшбасшылары одан нені үйренуі тиіс? Автор бұл сұрақтарға тосын жауап
береді. Және шығарманың өн бойында Джон Мэннің көшбасшылық туралы
заманауи ғылымды жетік меңгергені аңғарылады.


